Маңғыстау облысындағы көл жағасынан 30 аққудың өлексесі табылды

Мамандар өлген құстардан сынама алып, зертханада қажетті зерттеулер жүргізіп жатыр.

Маңғыстау облысындағы көл жағасынан 30 аққудың өлексесі табылды
inaktau.kz

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 аққудың өлексесі табылды. Экологтар құстардың жаппай қырылу себебін анықтап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Үстірт мемлекеттік табиғи резерватының хабарлауынша, өлі аққуларды 21 желтоқсан күні қызметкерлер тауып алған.

Оқиға орнына барған резерват мамандары өлген құстардан сынама алып, қазір аққулардың өлу себептерін анықтау үшін зертханада қажетті зерттеулер жүргізіп жатыр.

Қорық қызметкерлері аққулардың өлгені туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарлаған.