Халықаралық іздеуде жүрген павлодарлық алаяқ Ресейде ұсталды

Павлодарлық алаяқ Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерден ұсталды.

Халықаралық іздеуде жүрген павлодарлық алаяқ Ресейде ұсталды
ашық дереккөз

Павлодарлық алаяқ әйел Краснодарда ұсталды. Ол 50-ден астам адамды алдап соққан, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, жедел қызметкерлер көрші мемлекеттің әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынын Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерден ұстады. 

«47 жастағы әйел 2021 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы қазан айына дейінгі уақыт аралығында  бизнесті дамыту және қарттар үшін ақылы пансионат ашу  сылтауымен  жалпы сомасы 400 миллион теңгедей ақшалай қаражат иеленгені анықталды. Қазіргі уақытта Краснодар қаласындағы тергеу изоляторына қамалды», - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов. 

Сот іздеуде жүрген адамға қатысты 40 тәулік мерзімге экстрадициялық қамауға алуға санкция берді.