Абай облысында мұз астына түсіп кеткен баланың денесі табылды

Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды.

Абай облысында мұз астына түсіп кеткен баланың денесі табылды
ашық дереккөз

Абай облысы Үржар ауданында мұз астына түскен баланың денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Баланың мұз астына түскенінен 3 сағат өткен соң, жергілікті еріктілер баланың денесін тапты.

«Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды. Баланың денесі құлау орнынан 75 метр қашықтықта табылды», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.


Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өз өміріне қауіп төндірмеуін және мұзға шықпауын сұрайды.