Қызылордада ерекше аялдама пайда болды
Бұл аялдама құтқарушылардың екінші креативті жобасы.
Қызылорда қаласының тұрғындары енді автобусты өрт сөндірушілер аялдамасында күтеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, бұл аялдама - Қызылордалық өрт сөндіруші- құтқарушылардың екінші креативті жобасы.
«Дәлірек айтқанда, қала тұрғындары өрт сөндіргіш құралы бейнеленген аялдамада автобусты күтеді. Сонымен бірге бұған дейін жасалған, қала аумағындағы М. Саламатов көшесінің бойында орналасқан өрт сөндіру автокөлігінің кабинасы бейнеленген аялдама көпшілікке қызмет етіп жүрген болатын», – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде аялдамалар көптің қызығушылығын тудырып қана қоймай, оқушыларға, тіпті автокөлік жүргізушілеріне де өрт қауіпсіздігі қағидаларын насихаттауда.
Сонымен бірге аталмыш аялдамаларда Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі де көрсетілген.
Бүгіннің өзінде көптеген қала тұрғыны селфи-фотосуретке түсіп, әлеуметтік желіге жүктеуде.