805
Жаңа баспана саны бойынша биыл рекордтық көрсеткіш орнады
Елімізде 102 мыңнан астам пәтер қолданысқа берілді.
Биыл ел аумағында жаңадан салынған баспана саны бойынша рекордтық көрсеткіш орнады, деп хабарлады turkystan.kz.
Qazaqstan арнасының мәліметінше, қаңтар мен қараша айлары аралығында 102 мыңнан астам пәтер қолданысқа берілді.
Жыл басынан бері елордада 41 800 пәтер пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 100 пәтерге артық. Ал Алматы қаласында былтырғыға қарағанда жаңадан салынған пәтер саны 6 800-ге көп. Жалпы екі ірі қаладағы қолданысқа берілген баспаналардың үлесі 60 пайызды құрап отыр. Мегаполистермен қоса Алматы мен Жетісу облыстары және Шымкент қаласында да құрылыс қарқыны ұлғайғанын байқауға болады.