Елімізде мигранттарға арналған портал іске қосылды

Ол келетін шетелдік азаматтар туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді

Елімізде мигранттарға арналған портал іске қосылды
ашық дереккөз

Қазақстанда Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы іске қосылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол келетін шетелдік азаматтар туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді. Сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингтеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

«Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар. Мысалы, «Қандас» мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, «Ата жолы» картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және т.б.», – делінген хабарламада.