Алматыда заңсыз салынған сауда павильондары бұзылады

Ғимаратты бұзу бойынша сот процестері де аяқталды.

Алматыда заңсыз салынған сауда павильондары бұзылады
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының орталығында орналасқан заңсыз сауда павильондары бұзылады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, Достық даңғылы 170/1 мекенжайы бойынша учаскедегі сауда нысандары заңсыз салынған. Осы сауда павильондарын бұзу туралы шешімді сот осы жылдың 2 мамырында шығарды және сот шешімін орындау үшін дүңгіршектерді бөлшектеу жұмыстары басталды.

Сол учаскеде орналасқан ғимаратты бұзу бойынша сот процестері де аяқталды.

«Бұған дейін басқарма меншік иесіне қатысты 2022 жылғы 28 қазанда Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берген болатын. Осы жылдың 9 маусымда сот шешімімен бұзу талабы қанағаттандырылды. 29 тамызда Алматы қалалық сотының қаулысымен Медеу аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда атқару парағы Әділет департаментінде орындауда.