Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамауға алынды

Жүргізушінің жеке басы анықталды.

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамауға алынды
polisia.kz

Алматыда полицейге жұдырық ала жүгірген ер адам қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 19 желтоқсан сағат 03:20-да Достық даңғылы мен Снегин көшесінің қиылысында патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының экипажы жүргізушісінің іс-әрекеті күдікті болып көрінген Toyota автокөлігін байқаған.

Қолданылған шаралардың арқасында көлік тоқтатылды. Көлік ішінде жүргізуші мен төрт жолаушы болған.

«Олар бірден теріс қылық көрсетіп, мас күйде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Сонымен қатар ер адамдар өздерінің заңсыз әрекеттері себебінен тоқтатылған Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне қашып кетуге көмектесті. Ол да мас күйінде рөлге отырған болуы мүмкін. Соның салдарынан жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірген», – делінген хабарламада.

Жүргізушінің жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.