1434
«Оқушылар тыйым салынған сайттарға кірген»: Түркістан облысында 4 мектеп директоры жауапқа тартылды
Сарыағаш аудандық прокуратурасы аудан аумағындағы мектептердегі интернет желілеріне қосылған компьютерлерге тексеру жүргізді.
Түркістан облысында 4 мектеп директоры тыйым салынған сайттарға кіруге кедергі жасамағаны үшін жауапқа тартылды.
Сарыағаш аудандық прокуратурасы аудан аумағындағы мектептердегі интернет желілеріне қосылған компьютерлерге тексеру жүргізу барысында тыйым салынған сайттарға (порнографиялық, букмекерлік ойындар және т.б.) кіруге кедергі жасалмағанын анықтады.
Аталған кемшіліктердің салдарынан информатика пәні бойынша сабақтар кезінде оқушылар интернет арқылы тыйым салынған сайттарға кірген.
Сарыағаш аудан прокуратурасымен енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде 77 мектептің компьютерлеріне тиісті бұғаттау қойылып, кінәлі тұлғалар (4 мектеп директоры) тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.