Елордада пара үстел теннисінен турнир өтті

Турнир ITTF халықаралық ережелері бойынша өтті.

Елордада пара үстел теннисінен турнир өтті
Астана әкімдігі
845

Паралимпиадалық жаттығу орталығында Тәуелсіздік күніне арналған зияткерлік және дамуында кемістігі бар адамдар арасында пара үстел теннисінен алғашқы турнир өтті, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Турнир ITTF халықаралық ережелері бойынша ұйымдастырылды. Оған 7 адам қатысты.

Қатысушылар 2 топқа бөлінді. Топтарда 1-2 орын алған спортшылар жартылай финалдық ойындарда кездесті.

Турнирде бірінші орынды Данил Никитин, екінші орынды Станислав Сигарев, үшінші орынды Абылайхан Қайырбек иеленді.

«Турнир спортшылардың ойын шеберлігін талдауға көмектесті, сонымен қатар интеллектуалды дамуы бұзылған адамдарға пара үстел теннисін тарту және дамыту мақсатын көздеді. Федерация Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін қалыптастыру мақсатында турнирді тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр», - деді Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

Жүлделі орындарға ие болған спортшылар дипломдармен, медальдармен (1,2,3 орын), сондай-ақ естелік кубоктармен марапатталды. Жүлделі орын алмаған қатысушылар қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

Турнирді Астана әкімдігінің және «Каспий» спортты дамыту қоғамдық қорының, сондай-ақ QAZAQSTAN QYZMET CUP қолдауымен «Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ «Зияткерлік кемістігі бар адамдарға арналған елордалық федерация» ҚБ бірлесіп ұйымдастырды.

 

Серіктес жаңалықтары