Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде күн жылынады.

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
nur.kz
1232

«Қазгидромет» РМК 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде күн жылынуы мүмкін.

«Қазақстанға Голфстрим арқылы жылытылған Солтүстік Атлантикалық ауа массалары жылжиды. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Солтүстік Атлантикалық циклон әсерінен метео жағдай нашарлайды, бұрқасын мен қар жауады. 

«Жаңбыр аралас қар еліміздің батысы мен оңтүстігінде, кейін желтоқсанның 21-і – солтүстік пен орталықта жауады. Сондай-ақ көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы біртіндеп 3-8 градустан 2 градусқа төмендеп, одан соң 3 градусқа дейін көтеріледі», - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары