Шымкентте тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Шымкентте тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды
uralskweek.kz

18 желтоқсанда сағат 14:10-да Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қонаев даңғылы, 91 үй мекенжайынан төтеншеліктерге өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұрғын үйдің 10 қабатында 17 шаршы метр аумақты қамтыған ас бөлмесі өртенген. 

«Өрт сағат 14:48-де жойылды. Баспалдақпен алып жүру арқылы екі адам құтқарылды. Баспалдақ арқылы 50 адам өз бетінше эвакуацияланды», делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.