Атырауда полицейлер жол бойында қалған көліктерге көмектесті

Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді.

Атырауда полицейлер жол бойында қалған көліктерге көмектесті
polisia.kz

17 желтоқсан күні Атырау облысы аумағында қалың қар түсуі салдарынан тас жолдардың көктайғақ болуына байланысты Құлсары-Бейнеу, Атырау-Индер бағытындағы тас жолда көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктің түнгі мезгілінде тайғақ жол бойында көлік құралдарының қалып қоймауы үшін көлік құралдарын қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізуде», - делінген polisia.kz сайтының хабарламасында.

Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді. Сондай-ақ Индер ауданыны аумағындағы елдімекендерге қызметтік көліктердің еріп жүруімен 150-ден астам көлік жеткізілді.