Министр Шавкат Рахмоновты кезекті жеңісімен құттықтады

Қазақстандық спортшы кәсіби мансабында он сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

Министр Шавкат Рахмоновты кезекті жеңісімен құттықтады

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Шавқат Рахмоновты кезекті жеңісімен құттықтады.

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым – UFC-де өнер көрсететін отандасымыз Шавқат Рахмонов кезекті кездесуінде жеңіске жетті. Даңқты жерлесіміз мұхиттың арғы бетінде ұйымдастырылған UFC 296 турнирінде октагонға шығып, жергілікті файтер Стивен Томпсоннан басым түсті.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыны құттықтап, алдағы турнирлерде де сәтті өнер көрсетуін тіледі.

Еліміздің Тәуелсіздік күнінде таң азанымен АҚШ-тан ақжолтай хабар жетті. Аралас жекпе-жектегі ел мақтанышы Шавқат Рахмонов бүгін UFC-де кезекті айқасын өткізіп, қазақ елін тағы бір жарқын жеңісімен қуантты. Егемендік күнінде ел тұрғындарын қуанышқа бөлеген даңқты спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! – деп жазды министр Telegram каналында.