Медеу – Шымбұлақ жолындағы өткізу режимінің кестесі өзгертілді

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлім етті.

Медеу – Шымбұлақ жолындағы өткізу режимінің кестесі өзгертілді
kaz.inform.kz

Тау шаңғысы курортының аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің өтініші бойынша Медеу-Шымбұлақ жолындағы өткізу режимінің кестесі өзгертілді.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 16 желтоқсаннан бастап сағат 09:00-ге дейін, сағат 12:00-ден 14:30-ға дейін және сағат 18:00-ден кейін электромобильдер, таксилер және техникалық қызметтердің арнайы көліктерінің жүргізушілері үшін кіруге рұқсат етіледі. Бұл күні жаяу жүруге қатаң тыйым салынады, тек студенттік соқпақ арқылы қолжетімді.

Жексенбі және мереке күндері жол жүру барлығына ашық, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілердің өміріне қауіп төнбейді.