Денис Никиша әлем кубогының қола медалін еншіледі

Оның уақыт көрсеткіші - 41.525

Денис Никиша әлем кубогының қола медалін еншіледі
Әлеуметтік желіден

Шорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Денис Никиша қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан командасының капитаны 500 метрге жүгіруден мәре сызығын үшінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші - 41.525.

Алтын медальді қытайлық Шаоан Лю (41. 196) еншілесе, күміс жүлдеге кореялық И-Ра Сё (41.205) қол жеткізді.