Алматы облысындағы бірнеше үйде жарылыс болды

Оқыс оқиғаның себебі газ құбырындағы қысымның күрт өсуімен байланысты

Алматы облысындағы бірнеше үйде жарылыс болды
Алматы облысының әкімдігі

Бүгін Алматы облысындағы Гүлдала елді мекеніндегі жеке үйлерде газ жарылды, деп хабарлады turkystan.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиғаның себебі газ құбырындағы қысымның күрт өсуімен байланысты.

Жағымсыз жағдай Байтұрсынов көшесінде сағат 6:15-те және Сүйінбай көшесінде сағат 8:20-да орын алған.

"Жеке тұрғын үйлерде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан газ жарылды. Зардап шеккен төрт адам ауруханаға жатқызылылды. Оқиғаның себебін анықтау үшін зерттеу-сынау өрт зертханасының қызметкерлері мен төтенше жағдайлар бөлімінің анықтаушысы барды", - деп хабарлады әкімдік.

Қазіргі уақытта "Тәуекел-Н-Алғабас" газ шаруашылығы мекемесінің өкілдері Гүлдала ауылындағы тұрғын үйлерді тексеріп жатыр.