Ақтөбеде тракторшы жерде жатқан әйелді екі рет басып кеткен

Сот ер адамды алты жылға бас бостандығынан айырды

Ақтөбеде тракторшы жерде жатқан әйелді екі рет басып кеткен
Ашық дереккөз

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының шару қожалығында мас тарктор жүргізушісі жерде жатқан әйелді екі рет басып өткен. Осы әрекетінен кейін жүргізуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

"Диапазон" порталының мәліметінше, 37 жастағы қолөнерші ашшы суға сылқия тойып алып трактор тізгініне отырып, әйел әріптесімен бірге аудан орталығына азық-түлік пен алкогольді ішімдік алу үшін барған.

Қайтар жолда көліктің кабинасында екеуі бірге ішімдік ішкен. Шаруа қожалығына келгеннен кейін екеуара кикілжіңге келіпті. Әйел адам трактордан түсіп, техникаға жақын жерге жатып алады. Ал трактор жүргізуішісі оны айналып өту үшін артқа жүруге әрекет жасайды. Алайда беріліс қорабын дұрыс емес бағытқа салып жібереді.

Салдарынан трактор алға қарай жүріп, қарсы алдында жатқан әйелді алдыңғы дөңгелегімен жылжытады. Мас жүргізуші осыдан кейінде жылдамдықты қосып әйелді екінші рет дөңгелектің астына алады. Салдарынан әйелдің қабырғасы сынып, бауырның ішіне қан кетіп жарылады. Бұдан да бөлек дене жарақаттары бар. 

Кейіннен қолөнершінің көлік жүргізуге мүлдем құқығы жоқ екені белгілі болды. Өйткені ол 2021 жылы жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сот ер адамды алты жылға бас бостандығынан айырды.