Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Ел бойынша жел күшейеді.

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?
egemen.kz
976

«Қазгидромет» РМК  16-18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Еліміздің бүкіл аумағында осы аптада аязды ауа райы сақталды. Оған себепші болған антициклон біртіндеп солтүстік-шығысқа жылжи бастайды. 

«Осыған байланысты аяз әлсірейді. Солтүстік Атлантика циклонының әсерінен қар жауады, бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.  Ел бойынша жел күшейеді», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, түнде ауа температурасы батыста 0-10 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 5-15 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды. Ал шығыста 22-35 градус аяз әлі де сақталады.
 

Серіктес жаңалықтары