878
Оралда 11 жастағы бала көпқабатты ғимараттан құлап кеткен
Қайғылы оқиға 9 желтоқсанда қаладағы №6 шағынауданда болған.
Оралда жасөспірім бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап түсті, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 9 желтоқсанда қаладағы №6 шағынауданда болған. 11 жастағы бала терезеден құлап түскен. Баланың нақты қай қабаттан құлап кеткені белгісіз.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы ауыр. Ол комада жатыр. Бала жасанды желдету аппаратына қосылған.
11 жастағы бала қаладағы көпсалалы ауруханада жатыр.