Берік Тұрсынбеков Күлпаш рөлін ойнаудан шаршағанын айтты

Ол енді бұл рөлді сомдағысы келмейтінін жеткізді.

Берік Тұрсынбеков Күлпаш рөлін ойнаудан шаршағанын айтты
Фото: ашық дереккөз
1990

Актер, продюсер, «Шымкент шоу» театрының директоры Берік Тұрсынбеков «Түнгі студия» бағдарламасында көпке белгілі Күлпаш рөлі айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол енді бұл рөлді сомдағысы келмейтінін жеткізді. Алайда кейбір жағдайлар осы рөлді жалғастыруға себеп болған.

«Гүлпашты ойнағым келмейді, шаршадым. Осы маусымнан кейін доғарсам ба деген ой бар. Бірақ жылда сөйтіп айтамын. Көңілшектеуміз ғой. Мені бәрі әйел көреді ғой деймін, сырын айтып, мотивация аламыз деп сырласқысы келеді. Шынында, өйткенде дайректе жазып жіберіпті. «Күйеуім екеуміз ажырасатын болдық. Бір кезде күйеуім сыртқа шығып кетті, менің көзім «Күлпашқа» түсіп кетті, сөйтіп күйеуім кіріп келгенде мен күліп отырмын, ол маған қарап күліп, ажыраспайтын болдық» деп жазып жіберіпті. Біреудің отбасын сақтап қалса, бекерден-бекер қатын болып жүрген жоқпыз. Сөйтіп көніп қалып жатырмын», - деді актер. 

Серіктес жаңалықтары