Атыраулық футбол командасының қақпашысы Дания клубына ауысты

Екі комнаданың арасында ынтымақтастық меморандумы жасалған

Атыраулық футбол командасының қақпашысы Дания клубына ауысты
"Атырау" футбол клубы
976

«Атырау U21» командасының ойыншысы Дулат Талыспаев Данияның «Кёге» футбол клубынан шақырту алды. Қақпашы шетелдік футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Атырау» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, екі комнаданың арасында ынтымақтастық меморандумы жасалған. 

«Биыл ақпанда «Атырау» командасының оқу-жаттығу жиынына жасөсіпірім қақпашы Дулат Талыспаев та қатысты. Сол кезде атыраулық қақпашы 8 матчта 41 сейв жасады. Бұл – оның жеке рекорды. Осылайша, атыраулық қақпашы даниялық клуб жаттықтырушыларының назарын аударды. Содан соң футболшы «Кёге» футбол клубының басшылығымен келісімшартқа қол қойды», - деп хабарлады жергілікті футбол командасының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары