Танымал әнші ұлымен 12 жылдан соң қауышқанын айтты

Баласын 4 айлығында енесі алып кеткен

Танымал әнші ұлымен 12 жылдан соң қауышқанын айтты
Видеодан алынған кадр
1682

Танымал әнші Сұлушаш Нұрмағамбетова жеке өмірі туралы "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында айтты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, баласын 4 айлығында енесі алып кеткен.

"Өмір бойы жолдасыммен тұрсам деген ниет болды. Бірақ оған жете алмадық. Бір ұл, бір қызым болды. Ұлды 4 айлығында енем алып кетті. "Осылай жүріп, өлтіріп аласыңдар" деді. Себебі үй тыныш емес қой. Қазақконцерттен күйеуімді тәртібі үшін шығарып жіберді. Сөйтіп, 1984 жылы ажырастық. Содан кейін баланы көрген жоқпын. Ұлым 1996 жылы келін екеуі қолыма келді. Мені "Алмаштың мамасы" дейтін. Қазір екеуміз де сырласамыз, өткенді айтып жылап аламыз. Қандай болып өсті екен деп уайымдадым. Жаныма қатты батты", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары