Астанада «Қажымұқан жолы» турнирі өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қатысушылар Қажымұқан белбеуі үшін күштік тәртіпте күресетін болады.
«Қажымұқан жолы» ұлттық спорттық жобасының авторы және бастамашысы – атақты балуан және Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников.
Турнир 10 желтоқсан күні сағат 17:00-де «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталады.