Бір аптада азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Бір аптада азық-түлік бағасы қалай өзгерді?
ements.envato.com
865

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1% төмендеді, ал жылдық мәнде 4,1% өсті. Бұл туралы turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 5 желтоқсанға/:

Құмшекер – 410 тг/кг
Күнбағыс майы – 745 тг/л
Рожки – 317 тг/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

«Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады», – делінген хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары