Балаларға арналған 3 кітап жарық көрді

«Қасиетті қазына», «Ақмешіт», «Бармақбайдың басынан кешкендері» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Балаларға арналған 3 кітап жарық көрді
turkystan.kz
1714

Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманқос Ершуовтың туғанына – 80 жыл. Атаулы күн аясында ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында еліміздің өңірлерінде бірқатар әдеби іс-шаралар өткізілді. Республикалық деңгейде эссе жазу, облыстық көлемде жазба ақындар мүшәйрасынан бастап, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды. Сондай шаралардың бірі елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ақынның «Қасиетті қазына», «Ақмешіт», «Бармақбайдың басынан кешкендері» кітаптарының тұсаукесері өтті. 

Қаламгердің «Ақмешіт» кітабына оның парасат биігіндегі поэмалары мен өнегелі эсселері топтастырылса, «Қасиетті қазына», «Бар­мақбайдың басынан кешкендері» атты кі­таптары кішкентай оқырмандарға ар­нал­ған. 
Қаламгердің балаларға арналған шы­ғар­маларын жинақтап, баспаға ұсынған – қа­ламгердің қызы, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Аман­қос­қызы. 

– «Қасиетті қазына» кітабына әкемнің жас ұрпақтың санасына ұлттық тәлім-тәр­­бие беріп, салт-дәстүріміз бен қазақ та­би­­ға­тын өлеңмен ұғындырып, өлеңмен тәр­­бие­леу саласында жазған туындылары еніп отыр. «Қасиетті қазына» кітабын мек­теп жа­сындағы балаларға арналған ұлт­тық та­ным-түсінік пен әдептілік әліп­пе­сі деуге бо­­­лады. Бұл кітап «Жеті қазына – бағалы», «Салт-дәстүрлер сабағы», «Қағи­да­ның тала­бы», «Ұлттық ойын озады» де­ген төрт бөлім­нен тұрады, – деді ақын­ның қызы. 

Маржан Аманқосқызы әкесінің жарық көр­ген және қолжазба күйінде қалған өлең­дерін жинақтаған. Алғашында үш томдық өлең­дер жинағын шығарғысы келеді, кейін ой­ланып, бес поэмасы мен эссе-мақала­ла­рын біріктіріп, «Ақмешіт» деген кітабын шы­ғарады. 

Аманқос Ершу балалар әдебиетінде қол­таңбасы қалған ақын.

«Әкем кезінде Баспа ко­митетінің балаларға арналған жабық бәй­ге конкурсына екі рет қатысып, жүлде алған. Сол кезде жүлде алған шығармалар көркем безендіріліп, баспадан кітап болып шығатын дәстүр болған. Тоқсаныншы жыл­дардың соңында әкем бала ұғымына лайық­тап ұлттық тәрбие бағытында тыйым сөз­дер, салт-дәстүрді насихаттау бағытында қыс­қа жырлар жазады. Олар жеке жинақ бо­лып шыққан жоқ еді. Осының бәрін ой­лап, балаларға арналған өлеңдерін екі кі­тап­қа топтастырып, «Қасиетті қазына», «Бар­мақбайдың басынан кешкендері» атты көр­кемсуретті кітаптарды 500 данамен шығардым», – дейді ақынның қызы. 

«Қасиетті қазына» кітабында ақын ұлт­тық тәлім-тәрбиені, салт-дәстүр мен қазақ табиғатын жас ұрпақтың санасына өлеңмен өрнектеп жеткізген. Бұл кітапты мектеп жа­сындағы балаларға арналған ұлттық та­ным-түсінік пен әдептілік әліппесі деуге болады. 
«Бармақбайдың басынан кешкендері» жинағында автор ауыл тақырыбы төңірегін­де толғанып, балаларға төрт түлік мал, ер қанаты-жылқыны, түйе мен сиыр, қой тура­лы жырлай отырып, ауыл өмірін, төрт тү­лік­тің қасиетін алуан қырынан таныстыру­ды мақсат етеді. Сондай-ақ кітапқа ертегі-аңыз­дар, батырлық жырлары, жұмбақтар мен жаңылпаштар енген. 

Серіктес жаңалықтары