«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы анықталды

Теміртаулық кәсіпорынның жаңа инвесторы – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев.

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы анықталды
ашық дереккөз

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа иесі кім екенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Теміртаулық кәсіпорынның жаңа инвесторы – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев.

28 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа инвестор «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының тұрақты жұмыс істеуі үшін кемінде 3 млрд доллар инвестиция құюы керек екенін мәлімдеген еді.

Шарлапаевтың айтуынша, ArcelorMittal Temirtau JSC және ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC металлургиялық кәсіпорындарының барлық акциясын Лавреньтев сатып алды. Мәміле құны 286 миллион долларды құрады.

Айта кетейік, Андрей Лаврентьев – Allur компаниялар тобының (машина құрастыру) негізін қалаушы. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті. 44 жастағы бизнесмен қазақстандық «Forbs» тізіміне кіреді.