Хоккей: «Барыс» «Сибирь» командасынан жеңіліп қалды

Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

Хоккей: «Барыс» «Сибирь» командасынан жеңіліп қалды
Фото: prosports.kz

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» сырт айдында «Сибирьге» қарсы матч өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Prosports.kz-тің жазуынша, кездесуде Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері 1:5 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық клуб сапында жалғыз голды Камара Энтони соқты.

«Сибирь» (Новосибирск) – «Барыс» (Астана) 5:1 (4:0, 1:1, 0:0)

Шайбалар: 

1:0 - Бек (Аланов), 03:15. 
2:0 - Бутузов (Михалев, Жуков), 15:38. 
3:0 - Прохоркин, 17:05.
4:0 - Михеев (Хамидуллин, Аланов), 18:16.
5:0 - Андреофф (Бутузов, Бек), 28:04.
5:1 - Камара (Скленичка), 32:01.

Қақпашылар: Костин — Шутов 00:00-20:00, Паскуале 20:00-60:00