Павлодар облысында жеке кәсіпкерлерге жер телімі заңсыз берілген

Заңбұзушылықтарды облыстық прокуратура анықтаған.

Павлодар облысында жеке кәсіпкерлерге жер телімі заңсыз берілген
ашық дереккөз

Ертіс ауданында жеке кәсіпкерлерге жер телімі заңсыз берілген, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, заңбұзушылықтарды облыстық прокуратура анықтаған.

«Осы жағдайлардың бірінде үш мың гектардан асатын жайылымдар сот күшімен қайтарылды», – дейді департаментте.

Сонымен қатар, прокуратура органдарымен міндетті конкурстық рәсімдерді елмеу, елді-мекендер шекарасында жайылымдық және егістік жерлерге жер учаскелерін беру, қызметкерлердің құзыретіне жатпайтын шешімдер қабылдау, төлемақыны төмендетіп көрсету сынды фактілер анықталды.

Жалға алушылардың бірі жер телімін жалға алғаны үшін мемлекетке жылына 50 миллион емес, 60 мың теңге төлеген.

«Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің үшінші тармағы бойынша жер қатынастары саласындағы қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді прокуратура.