Ұлттық банк Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбайдың бейнесі бар коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

Күміс монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм.

Ұлттық банк Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбайдың бейнесі бар коллекциялық монеталарды айналымға шығарды
Ұлттық банк
945

Қазақстан Ұлттық банкі «Банкноталардағы портреттер» сериясынан Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

«2011-2013 жылдары Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық алтын монеталары айналымға шықты. Коллекционерлер мен халық тарапынан болған сұранысты ескере отырып, серия күміс және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталармен толықтырылып отыр», - деп хабарлады Ұлттық банк.

Күміс монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 2 000 дана.

Нейзильберден жасалған монеталар: әрқайсысы МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, uncirculated дайындау сапасымен, номиналы 200 теңгелік, таралымы 50 000 дана жасалды.

Коллекциялық монеталар 8 желтоқсаннан бастап https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

Ұлттық банк жаңа монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өз белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары