Елімізде қосымша білім беретін 100 жаңа нысан салынады
Биыл 3 миллионнан астам бала қосымша біліммен қамтылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 2027 жылға дейін 50 бала сауықтыру орталығы мен 100 жаңа ірі нысан салынады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Биыл 3 миллионнан астам бала қосымша біліммен қамтылған. Осы мақсатта 2 мыңға жуық мектептен тыс ұйым мен 380 үйірме жұмыс істеуде. Елімізде барлығы 218-ден астам бала сауықтыру орталығы жұмыс істеп тұр.
«Жеке инвестицияның арқасында биыл Астанада жаңа Оқушылар сарайы ашылды. Мұндай заманауи орталықтар Алматы мен Шымкент қалаларында, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында пайдалануға берілді», – делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы жұмыс ерекше қажеттілігі бар және аз қамтылған отбасы балаларының әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне әрі тұлғалық дамуына мүмкіндік береді.