Өскеменде 4-қабаттан құлап кеткен ер адам аман қалды

Ер адам терезеден еңкейіп қарағанда, абайсызда құлап кеткен.

Өскеменде 4-қабаттан құлап кеткен ер адам аман қалды
ашық дереккөз

Өскеменде ер адам төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, оқиға Жібек маталар комбинаты ықшамауданында болған. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан адам құлап кетті.

«34 жастағы ер адам бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлаған. Сол жерге құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Зардап шегушіні шатырдан түсіріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылған», - делінген ақпаратта.

Алдын ала дерек бойынша, ер адам шатырдан өзі секірмеген. Терезеден еңкейіп қарағанда, абайсызда құлап кеткен.