Алматыда қар тазалауға 800-ден аса арнайы техника жұмылдырылады

Қысқы кезеңге дайындық мақсатында Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 818 бірлік техника мен 1 240 жұмысшы тартты.

Алматыда қар тазалауға 800-ден аса арнайы техника жұмылдырылады
Алматы әкімдігі

«Қазгидромет» РМК болжауынша, Алматы қаласында 9 желтоқсаннан бастап, сонымен қатар, желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы бұзылады: жел күшейеді, -18 градусқа дейін суытады, қар жауады. Жолдар мен тротуарларда көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

- Жолда мұз қатуы мүмкін, осыған байланысты жүргізушілерді өте мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты, бүйірлік аралықты сақтауға, қолайсыз ауа-райын ескере отырып, жылдамдықты асырмауға, шұғыл маневр жасамауға және күрт тежемеуге, жол ережесін қатаң орындауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс нормасын сақтауы керек, мүмкіндігінше қырағы болуы керек, жүргізуші сізді көріп, өткізіп жібергеніне көз жеткізіп жүріңіз, көлік құралының тежегіш жолы дымқыл болғанда, әсіресе көктайғақ жағдайында айтарлықтай өсетінін ұмытпаңыз, - делінген хабарламада.

Қысқы кезеңге дайындық мақсатында Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 818 бірлік техника мен 1 240 жұмысшы тартты. Қар жауған кезде жолға көктайғаққа қарсы материалдар, жолдарды тазарту, қар үйінділерін алып тастау, автобус аялдамаларын, тротуарлар мен қоғамдық пайдалану орындарын қар мен мұздан уақтылы тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Қалада көшені таза ұстау ШЖҚ «Алматы Тазалық» МКК қызметкерлерімен, сонымен бірге 9 мердігер ұйымның күшімен қамтамасыз етіледі. Аула аумақтарын жинау үшін 45 мердігер ұйым жұмылдырылады.

Арнайы техника келесідей бөлінеді.

«Алматы Тазалық» МКК - 619 бірлік:

1).      Алмалы ауданы – 120 бірлік.

2).      Әуезов ауданы – 62 бірлік.

3).      Бостандық ауданы – 116 бірлік.

4).      Жетісу ауданы – 87 бірлік.

5).      Медеу ауданы – 128 бірлік.

6).      Наурызбай ауданы – 39 бірлік.

7).      Түрксіб ауданы – 67 бірлік.

 

Мердігерлік ұйымдар – 199 бірлік:

1). «Старвей Вэй СК» ЖШС (Алатау ауданы) - 18 бірлік.

2).      «Алтын Тазалық» ЖШС (Алатау ауданы) - 31 бірлік.

3).      «Қазақ Су Арнасы Жобасы» ЖШС

(Алатау ауданы) - 22 бірлік.

4).      «Таза Әлем XXI» ЖШС (Әуезов ауданы) - 6 бірлік.

5).      «Хасен Тас Жол» ЖШС (Әуезов ауданы) - 8 бірлік.

6).      «Gaumer A-Stroy» ЖШС (Жетісу, Түрксіб аудандары) - 58 бірлік.

7).      «АБС ЛД-Строй» ЖШС (Жетісу ауданы) - 12 бірлік.

8).      «Stamp Service» ЖШС (Наурызбай ауданы) - 31 бірлік.

     9). «Альянс Групп» ЖШС (Наурызбай ауданы) - 13 бірлік.