Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады
akorda.kz
799

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты.

Бұдан бөлек, кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңа технология, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі арттыру маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне де назар аударылды.

Серіктес жаңалықтары