Маңғыстау облысында темір жолға шығып кеткен көлік жүргізушісі мерт болды
42 жастағы көлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Шетпе ауылындағы темір жолда жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады turkystan.kz.
4 желтоқсан күні сағат 04:50 шамасында 102 кезекші пультіне Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы темір жол жолдарындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақырту келіп түскен.
Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, рельстерге шығып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасады.
Оқиға салдарынан 42 жастағы автокөлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.
«Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданы Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – деді МО Полиция департаменті таратқан ақпаратта.