Екібастұзда жұмысқа шыққан ер адам жоғалып кетті

Павлодар қаласының еріктілері де іздестіруге кеншілер қаласына шыққан.

Екібастұзда жұмысқа шыққан ер адам жоғалып кетті
pixabay.com

Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, жоғалған ер адамның қызы еріктілерге әкесінің жоғалып кеткені туралы мәлімдеген, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ер адам 2 желтоқсанда таңғы сағат 5.30-да жұмыс алдында серуендегісі келетінін айтып, үйден шығып кеткен. Дегенмен, жұмыста  болмаған,  үйден ұялы телефоны мен басқа да құнды заттары табылды», – дейді еріктілер. 

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Балтажан Борашайұлы ішімдік ішпейді, темекі шекпейді, бір жылдан астам тұрақты жұмыста істеген.

Павлодар қаласының еріктілері де іздестіруге кеншілер қаласына шыққан. 

«Егер де оны көрген адамдар болса немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат  болса, еріктілерге келесі нөмірлер бойынша хабарлауды  сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (778) 295 97 55 (Самал)», – делінген хабарламада.