Алматы облысында оқушылар жаппай төбелескен (ВИДЕО)

Оқушылардың төбелесі әлеуметтік желіде тараған.

Алматы облысында оқушылар жаппай төбелескен (ВИДЕО)
скриншот

Алматы облысы Іле ауданы Жәпек батыр ауылында мектеп оқушылары жаппай төбелескен, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқушылардың төбелесі әлеуметтік желіде тараған. Оқиға 29 қарашада болды.

«Тексеру барысында 9-сынып оқушысы мен 2007 жылғы 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, кейіннен жаппай төбелеске ұласқаны анықталды», - дейді ведомство.

Қажетті тергеу әрекеттері басталды. Қазіргі күні оқушылармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

«Сонымен қатар төбелескен жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127, 435-баптары бойынша 17 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал 4 оқушы жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат жалған. Балалардың барлығы дін-аман, үйінде», - дейді ПД баспасөз қызметі.