1521
Қаңтардан бастап жол қозғалысына жаңа ереже енгізіледі
Жол қозғалысына өзгеріс енеді
Енді жол апатына түсіп қалғандар полиция шақырмай-ақ өтемақы ала алады, деп жазды turkystan.kz.
Жүргізушілер оқиғаны арнайы мобильді қосымшамен онлайн тіркейді. Ол үшін көліктің сақтандыру полисі жарамды, ал апаттан зардап шеккендер болмауы керек.
Жаңа ережеде жаяу жүргіншілерге де арналған қосымша бар. Бағдаршамның жасыл түсі жанса да, адамдар қозғалып келе жатқан көлікке жол беруі тиіс. Машина толық тоқтаған кезде ғана жолдан өтуге рұқсат. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл әрекет кептелістің пайда болуына жол бермейді.