«Алып күш»: Головкиннің 20 жыл бұрын қарсыласын нокаутқа түсірген сәттегі видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Боксшылар 2003 жылы Бангкок қаласында (Таиланд) өткен әлем чемпионатының ширек финалында кездескен.

«Алып күш»: Головкиннің 20 жыл бұрын қарсыласын нокаутқа түсірген сәттегі видеосы жарияланды (ВИДЕО)
Фото: sports.kz

X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі танымал аккаунт Boxing Kingdom кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен румыниялық Лучиан Бутенің жиырма жыл бұрынғы жекпе-жегінің видеосын жариялады, деп хабарлады  turkystan.kz  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшылар 2003 жылы Бангкок қаласында (Таиланд) өткен әлем чемпионатының ширек финалында кездескен. Бұл жекпе-жекте Головкин қарсыласын нокаутқа түсірген болатын.

«Жас GGG Лучиан Бутені ұйқыға жіберді. GGG мұны қалың қолғаппен және шлеммен жасады. Менің сүйікті бейнежазбамның бірі. Алып, табиғи күш», - деп жазды ресурс.

Еске салайық, Геннадий Головкин кәсіпқой бокста орта салмақтағы әлемнің барлық дерлік негізгі титулдарына (WBC, WBA және IBF), сондай-ақ IBO белбеуіне ие болған. Ал Лучиан Буте екінші орта категорияда IBF чемпионы болды.