932
Елордада сауда орталығының маңынан ер адамның денесі табылды
Полиция қызметкерлері сауда үйінің жанынан 51 жастағы ер адамның денесін тапты.
Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің маңынан қайтыс болған адамның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«1 желтоқсан күні сағат 08:20 шамасында «102» арнасына Asia Park сауда үйінің жанынан мәйіт табылды деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері аталмыш фактіні растады», - делінген елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері сауда үйінің жанынан зорлық-зомбылық белгірелі жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапты.