1701
«Жүрек қартаймайды, махаббат жасқа қарамайды» деген әңгімелерді қате деп білемін – Меруерт Түсіпбаева
«Мен әлі өзімді жас сезінемін» дейтіндер қателеседі деп ойлаймын» - дейді әнші.
Әнші Меруерт Түсіпбаева «Ұйқым келмейді» бағдарламасына тұрмыс құру, отбасы туралы пікірін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«...Мен кейбір әріптестерім секілді тұрмысқа шығамын деп айта алмаймын. Тұрмысқа шыққан күннің өзінде, ол менің жеке шаруам деп ойлаймын. Бірақ мен ақ көйлек кимеймін, «бір тойда екі жар болмайды» дейді ғой. Менің жасым оған сәйкес келмейді. Әр адам өз жасына сай іс-әрекет жасауы керек. Маған көп адам жасымнан жас көрінетінімді айтады. Бірақ менің жан дүнием 52 жаста. «Жүрек қартаймайды, махаббат жасқа қарамайды» деген әңгімелерді қате деп білемін. Іс жүзінде адам қанша жаста болса, оның жан дүниесі де сонша жаста болады. Ал «Мен әлі өзімді жас сезінемін» дейтіндер қателеседі деп ойлаймын», - деді әнші.