796
ШҚО-да жер үй өртеніп, бір адам көз жұмды
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам жұмылдырылды.
30 қарашада күні таңертең Алтай ауданындағы Абай көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты, бір адам көз жұмды. Бұл туралы turkystan.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметкерлері тұрғын үйдің бөлмесінің қабырғасы және ағаш едені жанып жатқанын анықтады.
«Түтінге толы үйді барлау кезінде 1965 жылы туылған үй иесінің денесі табылды. Өрт толығымен 6 шаршы метр аумақта сөндірілді», – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану болжамы қарастырылуда.