Павлодар облысында бұралқы иттер қойларға шабуыл жасады

Бұралқы иттердің нақты саны белгісіз.

Павлодар облысында бұралқы иттер қойларға шабуыл жасады
inbusiness.kz
1020

Май ауданында қаңғыбас иттер қойларды қырып тастады, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 30 қараша күні Жұмыскер ауылының тұрғыны ауыл әкіміне  малдың қырылғаны туралы хабарлады.

«Қаңғыбас иттер 18 қойға шабуылдап, қырып жіберді. Аудандық ветеринарлық қызметкерлер жабайы иттерді ұстауға бірден шыққан», – делінген хабарламада.

Май ауданының әкімінің сөзінше, адамдарға қауіп төндіруі мүмкін үш ит ауланып, ұйықтатылды. 

«Бұралқы иттердің нақты саны белгісіз. 18 қойдың алтысы аман қалса да, оларды союға тура келді»,– деді аудан әкімі.

Әкімнің сөзінше, күзде мал жайылымнан ауылға оралған кезде қаңғыбас иттердің саны көбейіп кетеді. Ауыл тұрғындарынан шағымдар түсетіні рас. Шағым түскен кезде әкімдік тарапынан жедел түрде шаралар қолданылады. 

Жұмыскер ауылында қырылған қойлар фактісін ветеринарлар, полиция және әкімдік әлі тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары