Қазақстан құрамасы бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төртінші медальді жеңіп алды

Гаухар Зарден әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді.

Қазақстан құрамасы бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төртінші медальді жеңіп алды
Фото: Sports.kz

Қазақстандық боксшы Гаухар Зарден Ереван қаласында (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

50 келіге дейінгі салмақтағы 1/4 финалдық кезеңде Зарден Мексика өкілі Валерия Ампаран Писарромен кездесті. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық қыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Гаухар Зарден әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді.

Бұған дейін қыздар арасында Сыйла Биболсынқызы (48 келі) мен Аяжан Сыдық (54 келі), ұлдар арасында Нұрасыл Төлебек (54 келі) әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын.