Мөлдір Әуелбекова ұлына құны 60 млн теңге болатын сыйлық жасады (ВИДЕО)

Өнер иесі баласына 60 миллион теңгеге пәтер сыйлады.

Мөлдір Әуелбекова ұлына құны 60 млн теңге болатын сыйлық жасады (ВИДЕО)
Instagram/moldir.auyelbekova

Танымал эстрада әншісі Мөлдір Әуелбекова 7 жастағы ұлының туған күніне пәтер сыйлады. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Міне, 60 миллионға сыйлық. Менің ұлым қалаған пәтер. Бұл менің тағы бір жетістігім. Тіпті қуаныштан көз жасым да төгілді, - деп жазды ол.