Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілердің бопсалаудың 5 фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
polisia.kz
980

Павлодар облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Полицияның хабарлауынша, қылмыстық топ құрамына жасы 25 пен 35 аралығындағы адамдар кірген. Қазір күдіктілердің бопсалаудың 5 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар топ мүшелерінің Павлодар облысының аумағында қаруды қолданумен бұзақылық жасауға және пәтер ұрлығына қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

Тінту шараларының нәтижесінде қатысушылардан бес атыс және травматикалық қару, қолдан жасалған кастеттер, биталар мен пышақтар, сондай-ақ РГД-5 гранатасы тәркіленді. Тәркіленген қару бойынша сараптама тағайындалды.

«Қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды, оның ішінде ең белсенді үш қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабтары бойынша жүргізілуде», – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Серіктес жаңалықтары