Әнші Өмірқұл Айниязов не үшін гендер пати жасағанын түсіндірді

Өнер иесі ешқандай ұят тірлік істемегенін айтып, ақталды.

Әнші Өмірқұл Айниязов не үшін гендер пати жасағанын түсіндірді
Фото: YouTube
822

Әнші Өмірқұл Айниязов «Ұйқым келмейді» бағдарламасында не үшін гендер пати жасағанын түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Үшінші мәрте әке атанатынын сүйіншілеп, гендер пати жасаған әнші сынның астына қалған еді.

«Гендер пати дегенді бұрын-соңды естімеппін. Өзімнің көмекшім мен ұлымның идеясы болды. Менің байқағаным, бұл мереке балалар үшін қызық екен. Ұлымның төрт баласы мен қарындасымның үш баласын, көршінің балаларын түгел жинадық. Балалар қатты қуанды. Солар шар жарып, көк түтінді үріп мәз болды. Үлкендерден гөрі балаларға қызық екен. Одан кейін заман ағымына қарай ілесіп жүргенді жөн санаймын. Ерте қартайып тұрғаным жоқ. Жастарды тыңдап, солармен кеңесіп жүремін. Халық сонша жаман пікір жазатындай шалыс басқан жоқпын. Ұят тірлік істемедім», – дейді әнші. 

Серіктес жаңалықтары