Павлодар облысында 2 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды

Оны «қашсаң, ұстап алып өлтіреміз» деп қорқытқан.

Павлодар облысында 2 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды
gov.kz
4292

1987 жылғы ер адамды аңшылық үйге күштеп апарып, екі жыл бойы еңбек құлдығына салған, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, оны «қашсаң, ұстап алып өлтіреміз» деп қорқытқан. Полиция бұл істі еңбек құлдығына салу мақсатында адамды бостандығынан заңсыз айыру бабы бойынша қарастырып жатыр.

«Павлодар облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мәжбүрлі еңбек фактісін анықтап, жолын кесті. 1987 жылы туған ер адамды қарыз екенін пайдаланып, қорқыту және зорлық-зомбылық арқылы жақын маңдағы елді екеннен 60 шақырым жерде орналасқан аңшылық үйде екі жыл бойы ұстаған»,– деді арнайы брифингте ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Оның сөзінше, аталған факт бойынша еңбек күшін пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Жәбірленуші туған туысқандарының қолына қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары