776
«Көктайғақ, жел»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Еліміздің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.
«Қазгидромет» РМК 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 28 қарашада батыс, 29 қарашада солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарда, 30 қарашада еліміздің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.
«28 және 30 қарашада солтүстік аймақтарда бұрқасын, жел көктайғақ болуы ықтимал. Оның әсері әсіресе, оңтүстік аймақтардың тұрғындарына білінеді. Бұған дейін күн жылы болған бұл аймақтарда қатты жауын-шашын болады», – делінген хабарламада.