Шикізаттық тәуелділіктен арылудың жолы - экономиканы индустрияландыру

Шикізаттық тәуелділіктен арылудың жолы - экономиканы индустрияландыру

Шикізаттық тәуелділіктен арылудың жолы - экономиканы индустрияландыру
ашық дереккөзі
Таяуда Алматыда «Росатом Орталық Азия» (Қазақстан) корпорациясы «Атомдық емес өнімдердің Орталық Азиядағы инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Росатом корпорациясы мен Орталық Азия кәсіпорындары арасында кооперациялық байланысты дамыту мен нығайту, аймақтағы жоба әлеуетінің техникалық және қаржылық аспектілері бойынша ақпарат алмасатын алаң құру. Аталмыш шараның қатысушылары Росатомның халықаралық нарықтағы атомдық емес жобаларын инвестициялау мен қаржыландыру мүмкіндіктері мен экспорттық жобаларды құрылымдау кезіндегі қарыз алушыларға қойылатын негізгі талаптарды талқылады. Сонымен қатар дөңгелек үстелге мемлекеттік мекемелер, аймақтағы жеке меншік компаниялар, халықаралық қаржы ұйымдары, Еуразиялық даму банкі қатысты. «Kaznex Invest» экспорт және инвестиция бойынша ұлттық компания, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Таджинвест» қазақстандық индустрияны дамыту институты, Ресей-Қырғыз даму қоры, Ресейлік экспорттық орталық, «Бәйтерек» басқарма холдингі, Ұлттық ядролық орталық және басқалары қатысты. Шараға Ресей федерациясының Қазақстандағы Сауда-саттық өкілі Александр Яковлев қатысты. Аталмыш шараның ашылу барысында «Kaznex Invest» экспорт және инвестиция бойынша ұлттық компаниясының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сәбит Нарбаев: «Қазақстанның Инвестиция және даму министрлігі мен «Kaznex Invest» алдына қойған мақсаты мемлекетіміздің инвестициялық саясатын жүзеге асыра отырып, инвестициялық жобалар бойынша Қазақстанды сенімді серіктес жасау. Қазіргі таңда шикізаттық тәуелділіктен арылу үшін ұлттық экономиканы индустрияландыруға күш салу керек. Бұл бағытта инновациялық жобалар мен жаңа кәсіпке тартылған шетелдік тікелей инвестиялар еліміздің индустриалды дамуын жүзеге асырады. Біз Росатомның бастамасын қолдап, инвестициялық серіктес сәтті жүзеге асады деп сенеміз», - деді ол. «Росатомның жаңа нарыққа шығу мен бизнестің жаңа бағыттарын дамыту бойынша әлеуеті жоғары. Қазіргі таңда компанияның әлемдік нарықтағы атом энергетикасы бойынша ұсынған ең қауіпсіз өнімдерінен басқа, газмұнай химия, жылу энергетикасы, гидроэнергетика, медицина, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша жаңа ұсыныстары бар. Росатом стратегиясына сәйкес, 2030 жылы жаңа бизнестен түсетін пайда жалпы табыстың 30 пайызын құрауы тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін біз инвестиция салатын жаңа бағыттар тауып, бағалап, оның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасаймыз», - деді «Росатом Орталық Азия» аймақтық орталығының бас директоры Виталий Драгунов.